«ТКП – Орталық Азия» (ТКП-ОА) – Қазақстан Республикасында 2019 жылдан бастап жұмыс істейтін «ТКП» АҚ-ның еншілес кәсіпорны.
▪ ТКП үшін ұлттық валютамен есеп айырысуды оқшаулайтын бірінші шетелдік нарық ▪ Авиакомпаниялар мен агенттіктер үшін сервистер мен өзара есеп айырысулар алаңы
ТКП
ТКП 1994 жылы Ресей мен ТМД елдерінің жетекші авиатасымалдаушыларымен құрылған.
▪ Ресей әуе көлігіндегі өзара есеп айырысу жүйесінің (ӘКӨЕАЖ) атқарушы органы ▪ Авиакомпаниялар мен агенттіктер үшін авиациялық контент пен қосымша қызметтердің жетекші жеткізушісі ▪ Бейтарап бланк эмитенті ▪ Ресей әуе көлігін пайдаланушылар қауымдастығының (ӘКПҚ) мүшесі ▪ IATA стратегиялық серіктесі
Ресей Әуе көлігіндегі өзара есеп айырысу жүйесі (ӘКӨЕАЖ)
Ресей әуе көлігіндегі өзара есеп айырысу жүйесі(ӘКӨЕАЖ) — ASP ARC (USA) және BSP IATA әлемдік өзара есеп айырысу жүйелерімен ұқсастық бойынша құрылған, 1993 жылдан бастап өзара есеп айырысу бойынша авиакәсіпорындардың Бақылау кеңесінің (ӨЕААБК) басқаруымен РФ және ТМД елдерінің аумағында жұмыс істейді).
ӘКӨЕАЖ негізгі міндеттері: ▪ Сатылған тасымалдар мен қосымша қызметтер үшін өзара есеп айырысуды ұйымдастыру процестерін оңтайландыру ▪ Жүйеніңқатысушыларымен серіктестері арасында 100% уақтылы есеп айырысуды қамтамасыз ету
Жобаның мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының аумағында ӘКӨЕАЖ стандартты тасымалдау құжаттарында – электрондық билетте және электрондық құжатта (EMD) агенттіктердің тасымалдарды және қосымша қызметтерді сатуын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуі.
Тасымалдар мен қызметтерді сату рәсімдерін оңайлату, тасымалдаушылар / қосымша қызметтерді жеткізушілер мен агенттіктер арасында есептілікті қалыптастыру және түсім бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру.
Тасымалдаушылар / қызметтерді жеткізушілер мен агенттіктер арасындағы өзара есеп айырысу мерзімдерін оңтайландыру арқылы жобаға қатысушылардың шығындарын қысқарту.
Жобаға қатысушылардың қаржылық дәрменсіздігінен түскен түсім шығынының тәуекелдерін жою.
Артықшылықтар
Артықшылықтар
Ақшалай түсімді кепілді алу
Аккредиттелген агенттіктер желісі → Бірыңғай есеп → Бірыңғай төлем
Дистрибуцияның бейтарап тарату арнасын ұсыну
Авиакомпанияның жеке кабинетіне қолжетімділік
Агенттіктерге
Тасымалдаушылар мен жеткізушілердің кең тізімі → Бір стандартты шарт
Тасымалдаушылар мен жеткізушілердің кең тізімі → Бірыңғай есеп → Бірыңғай төлем
Ұлттық валютадағы есеп айырысуларды оқшаулау
Операциялық тәуекелдерді оңтайландыру-ТКП-ОА бірыңғай орталығымен өзара іс-қимыл жасау
Агенттіктің жеке кабинетіне қолжетімділік
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Авиакомпаниялар үшін
ТКП-ОА жобасына қатысу авиакомпанияға дистрибутивтік желіні және нарықтағы өз мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге, түсімді жоғалту тәуекелдерін төмендетуге және авиатасымалдарды сатудың меншікті желілерін ұстауға арналған шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.